«ШерКомСервис» компаниясы медициналық бұйымдар сатумен айналысады. Біздің компаниямыз 2013 жылы құрылған. Жыл өткен сайын көптеген емдеу- профилактикалық мекемелер, зертханалар мен дәріханалар «ШерКомСервис» компаниясын ұзақ мерзімді негізде тұрақты әріптестік үшін таңдайды. Біз әрбір клиентті бағалаймыз және әр тапсырысқа ерекше көңіл бөлеміз. Біздің компаниямыз қазақстандық нарықта өзін медициналық арналымдағы шығындау материалдарының ең сенімді әрі ірі жеткізушісі ретінде танытты.
Біз медициналық арналымдағы бұйымдар мен медициналық жабдықтың, шығындау материалдарының ең ірі қазақстандық және шетелдік өндірушілерінің серіктесі, соның ішінде, Safefix, Safegloves, Essex эксклюзивті өнімдерінің дистрибьюторы болып табыламыз.
Біздің мамандарымыз сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге және медициналық арналымдағы бұйымдарды, шығындау материалдарын, дезинфекциялау құралдарын таңдауға көмектесуге әрқашан дайын.
Сіздерді клиенттеріміздің қатарынан көруге қуанышты боламыз!