SAFEFIX STERILE сіңіргіш жастықшасы бар, тоқыма емес негіздегі отадан кейінгі жабысқақ зарарсыздандырылған таңғыштары. Гипоаллергенді, микросаңылаулы, ауа өткізкіш, зақым келтірмейтін сіңіргіш жастықшасы бар. Гипоаллергенді синтетикалық акрилат желімін қолданып, полипропилен материалдарынан жасалынған. Зақым келтірмейтін сіңіргіш жастықшасы вискозадан жасалған және жабыспайтын полиэтилен торымен жабылған. Жұқа қапқа жеке-жеке салынған және этилен тотығымен зарарсыздандырылған. Науқастың жайлылығына және жараның кез келген жеріндегі икемділікке кепілдік береді. Отадан кейінгі жараны тазартуға және терінің кішігірім зақымдарына күтім жасауға арналған. Ірі өлшемдегі таңғыштар кеуде, құрсақ қуысы, аяқ-қол аймағындағы отадан кейінгі жараларға күтім жасауға арналған.
Жеке сұрау бойынша кез келген өлшемдерге тапсырыс беруге болады.