SAFEFIX Ag сіңіргіш бактерицидті күміс жастықшасы бар, мата емес негіздегі, отадан кейінгі жабысқақ зарарсыздандырылған таңғышы. Зақым келтірмейтін, сіңіргіш күміс жастықшасы бар, бактерицидті.
Гипоаллергенді, ауа өткізгіш. Гипоаллергенді синтетикалық акрилат желімін қолдана отырып, полипропилен материалынан жасалған. Зақым келтірмейтін сіңіргіш жастықшасының құрамында күміс бар, вискозадан жасалған. Сіңіргіш жстықшадағы күміс иондарының мөлшері жараны жұқтыру қаупін болдырмау үшін 0.07 мг / см 2 + -20%-ды құрайды. Жұқа қапқа жеке-жеке салынған және этилен тотығымен зарарсыздандырылған.
Әсіресе, екінші рет инфекция жұқтыру қаупі бар, құрғақ жаралар мен экссудат төмен деңгейде бөлінетін, екінші дәрежелі ойық жерлерді, бірінші және екінші дәрежелі күйіктерді қоса алғанда, хирургиялық, тігістерді, жарақаттану жараларын отадан кейін тазарту үшін арналған.
Жеке сұрау бойынша кез келген өлшемдерге тапсырыс беруге болады.